Accessibility links

“РАО ЕЭСі” АҚ-ының президентіне қарсы ұйымдастырылған қылмыс бойынша бірінші күдікті ұсталды.


МӘСКЕУ: Кеше Мәскеуде “Ресейдің біртұтас энергожүйесі” АҚ-ының президенті А.Чубайсқа қарсы қастандық ұйымдастырылып, көп кешікпей осы қылмыс бойынша бірінші күдікті ұсталды. Ресейлік баспасөз құралдарының хабарлауынша, ол күдікті 1948 жылы туған, диверсиялық операциялар мен миналық-қопарғыштар бойынша маман, әскери зейнеткер көрінеді. Оның пәтері мен гаражына тінту жүргізіліп, аңшы мылтығы мен жарылғыш зат – тротил табылған. Кеше А.Чубайстың өзі мәлімдегеніндей, бұл қастандықты кімнің ұйымдастырғанын іштей сезеді. Тергеу қазір оның таныс-тамырларын тексеріп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG