Accessibility links

ОПЕК 1 тәулікте өндірілетін шикізаттың көлемін 500 мың баррельге ұлғайтады.


КУВЕЙТ: Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының президенті әрі Кувайттің мұнай министрі болып табылатын Шайх Ахмад Фахд Әл-Ахмад Әс-Сабаның кеше мәлімдегеніндей, келесі 10 күннің ішінде мұнай бағасы төмендемейтін болса, ОПЕК елдері 1 тәулікте өндірілетін шикізаттың көлемін 500 мың баррельге ұлғайтады. ОПЕК елдерінің мұнай министрлерінің бас қосуы өткен Исфахан қаласынан оралған бойда ол ОПЕК мұнай саудасының қарқынын мұқият қадағалап отырады деп хабарлады. Алайда сәрсенбі күні Нью-Йорктің тауар биржасында мұнай саудасы 1 баррель шикізаттың бағасы 56.46 долларға жетіп жабылды.
XS
SM
MD
LG