Accessibility links

Алматыдағы жиында Азиядағы сенім шараларының тетіктері қарастырылды


Жұма күні Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің аға лауазымды қызмет иелері комитетінің жиналысы өтті.

Жиынға АӨСШК ұйымына мүше 17 мемлекет пен бақылаушы мәртебесіне ие 7 мемлекет, сондай ақ 3 халықаралық ұйымдардан келген жоғары дәрежелі өкілдер қатысып отырды.

Күн тәртібінде өткен жылы қазан айында АӨСШК ке мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы кездесуінде қол жеткізілген Азиядағы сенім шаралары катологына қатысты мәселердің нақты іске асырылу механизмдері талқыланды. Аға лауазымды тұлғалар комитетіне қатысушылар Қазақстан жағы ұсыныс еткен екі түрлі жұмыс тобын құруды талқылады.

Азиядағы тұрақтылық пен сенім шараларына байланысты ең алдымен әскери-саяси саладағы сенім шараларын қарастыратын құжат материалдар дайындау бір жұмыс тобына тапсырылатын болды. Ал екінші жұмыс тобы экономика, экология және гуманитарлық салада сенім шараларына қатысты мәселермен айналысады.

Қазақстан сыртқы істер вице-министрі Асқар Шәкіров Қазақстан жағы ұсыныс етіп отырған тағы бір маңызды мәселе ол АӨСШК мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасында байланыс құрып биылғы жылдың соңына таяп АӨСШК мен ЕҚЫҰ ның бірлескен «21 ғасыр: Әлем қауәіпсіздігі мен тұрақтылығы» атты форум өткізуді ұсыныс етіп отырғанын айтты.

Оның айтуынша кеңеске мүше елдер арасында сенім шараларын қадағалап, оның жүзеге асуына бақылау жасайтын хатшылықты құру оны қаржыландыру мәселесінда біраз пікір талас болған. Алайда Қазақстан жағы Азиядағы сенім шараларына қатысты алғаш идея көтерген ел болғандықтан бұл ұйымның хатшылығы Алматы қаласында орнайды деген ойды қатаң ұстанып отыр деді ол.

Тайланд биылдан бастап АӨСШК –ке жаңа мүше ел болып қабылдануына байланысты аға лауазымды тұлғалар комитетінің жиналысына алғаш рет қатысқан Тайландия елінің өкілі В.Кунвонгзе Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселерін сөйлескенде Оңтүстік Азия аймағындағы күрделі жағдайға ерекше назар аудару қажеттілігін атады.

Ал Түркия өкілі К.Гюнген АӨСШК –тің ЕҚЫҰ мен байланысын нығайту керектігін, сол ұйымның бай тәжірибелерінен үйрену керектігін айта келе биылғы күзде осы екі ұйымның бірлескен форумын өткізу жөніндегі Қазақстан ұсынысын қолдайтындығын білдірді.

АӨСШК –ке мүше мемлекеттерді атар болсақ: Ауғанстан,Әзірбайжан, Моңғолия,Мысыр,Үндістан,Иран,Израйль,Қазақстан,Қырғызстан, Қытай,Пәкістан,Палестина,Ресей,Тәжікстан,Тайландия,Түркия, Өзбекстан; ал бақылаушы мәртебесіне Индонезия,Жапония,Оңтүстік Кореа, Малайзия,Украйна, АҚШ және Вьетнам секілді елдер ие болып отыр.
XS
SM
MD
LG