Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы бүгін Токиоға барды.


Кондолиза Райс Оңтүстік Азия сапарын Жапонияда жалғастырды. Райс Жапония басшыларымен Солтүстік Кореяны оның ядролық бағдарламасы жөніндегі алтыжақты келіссөздерге қайтарудың стратегиясы турасында сөйлесетін болады.

АҚШ пен Ресей, Жапония, Солтүстік Корея, Қытай және Оңтүстік Корея бұл келіссөздерде Солтсүтік Кореяға ядролық бағдарламдан бас тартса, оған экономикалық жане қауіпсзідік кепілдіктерін ұсынатындықтарын айтуда.

Ядролық қару жасап жатырмыз деген Солтүстік Корея бейсенбі күні егер Райс Солтүстікті "зұлымдық шекарасы" деп атаған сөзі үшін кешірім сұрамаса, келіссөздерге қайта оралмайтындықтарын мәлімдеген.

Токиода Райс сондай-ақ, Жапонияның Америкадан сиыр етінің экспортталуына ұзақ уақыттан бері салған шектеуі турасында да сөйлеседі.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG