Accessibility links

Украина бас прокуратурасынан хабарланғанындай, Иран мен Қытайға осыдан 4 жыл бұрын сатылған қанатты зымырандар үшін ресми үкімет емес, контрабандалық топ жауапты.


Бас прокурор Пискунның айтуынша, ол кезде 12 зымыран Иранға, ал 6 зымыран қытайға заңсыз жолдармен сатылып кеткен.

Украиналық парламент мүшесі Омельченконың жұма күні айтуынша, ол зымырандардың сатылуын ол кездегі президент Кучманың өзі мақұлдаған.

- Прокурор Пискундағы барлық құжаттар дәлелдейтіндей, біздің анықтағанымыз - өзге елдерге заңсыз сатылған қарулардың бәріне президент Кучма өз батасын беріп отырған, - дейді депутат Омелченко.

Ол қанатты зымырандар 3000 шақырымға дейін ұша алады, яғни Иранна жіберілсе Израилге дейін еркін ұшып жете алады.

Сондай-ақ, Кишиневтан соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, молдовалық прокурор бұрыңғы қорғаныс министрі Пасатқа 1997-жылы АҚШқа 21 соғыс ұшағын сату шарасына қатысқан, деген айып тағылған. Валериу Пасат наурыздың 12сінде Кишиневқа ұшып келгенде тұтқындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG