Accessibility links

Пәкістан алыс қашықтыққа ұшатын зымыран сынағын өткізді.


Президент Первез Мүшарраф Пәкістан ядролық қаруды таратпау жөніндегі талаптарды ұстана отырып, ядролық қабілетін арттыруды кеңейтіп жалғастыратын болады деп айтқан.

Пәкістан қарулы күштерінің президентке сілтей отырып жасаған мәлімдемесінде ядролық бағдарлама өз қауіпсіздігіміз және жоғары ұлттық бедел үшін дамытылады делінген.

Әскерилер бүгін ұзақ қашықтыққа- 2000 шақырымға дейін ұшып, кәдімгі және ядролық оқтұмсықтарды алып бара алатын зымырандардың сынағы табысты өтті деп айтқан. Президент бұл сынақты өзі бақылап ғалымдар мен инженерлерді құттықтаған. Мәлімдемеде сынақ алдында Үндістанға ескертілгені айтылған.

Пәкістан мен оның ядролық бәсекелесі Үндістан көптен бері Кашимир мәселесі турасында дауларын шеше алмай келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG