Accessibility links

К.Райс: “Тайванның тәуелсіздігіне қарсы Қытай заңы екі арадағы жанжалды баса алмайды”.


ПЕКИН: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Пекинде Қытай басшысы Ху дзиньтяомен және Қытай премьері Вэн Джиабаомен кездесті. К.Райс АҚШ пен Қытай арасындағы проблемалардың өзара ынтымақтастық пен сыйластық рухында шешілетініне сенім білдірсе, өз кезегінде Вэн Джиабао Тайванның тәуелсіздік алуына қарсы қабылданған жаңа заңды ресми Вашингтон түсіністікпен қабылдар деген үмітін ортаға салды. К.Райстың атап көрсетуінше, ол заң құрлықтық Қытай мен тайвань арасындағы жанжалды баса алмайды. Мемлекеттік хатшы, сонымен қатар, Қытайдағы адам құқықтарының ахуалы мен дін еркіндігі мәселесін және Қытай мен Тайван арасындағы жанжал мәселелерін талдамақшы.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG