Accessibility links

Ауғанстандағы бірнеше рет кейінге қалдырылған парламент сайлауы қыркүйек айында өтеді.


КАБУЛ: Ауғанстанның БҰҰ-ымен бірлесіп құрған сайлау комиссиясының төрағасы Бисмилла Бисмилдің бүгін хабарлағанындай, кейінге қалдырылған парламент сайлауы 18 қыркүйекте өтеді. Қазіргі елбасы Хамид Қарзай жеңіске жеткен өткен қазан айындағы президент сайлауымен бір күнге белгілеген парламент сайлауы Талибан қозғалысы қалдықтарының қарсылық көрсетуі мен жергілікті дала қолбасыларының буыны бекімеген демократиялық билікке қоқан-лоқылық көрсетуілері салдарынан бірнеше рет кейінге қалдырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG