Accessibility links

Иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи сырттай 15 жылға кесілді.


АММАН: Иорданияның әскери соты экстремистік ұйымның көсемі Әбу Мұсаб Әз-Зарқауиді сырттай 15 жылдық мерзімге бас бостандығынан айыру туралы өкім қабылдады. Оған 2003 жылдың тамызында Иорданияның Бағдадтағы елшілігі іргесіндегі 18 кісінің қазасына себеп болған жарылысты ұйымдастырды деген айып тағыды. Әз-Зарқауидің сыбайласы 3 жылға кесілді. Әз-Зарқауидің өзі Ирақта бас сауғалап жүр. Ол бастаған лаңкестік топ коалициялық күштерге қарсы көптеген шабуылды, шетелдік азаматтарды ұрлап алып кетіп өлтіруге қатысы бар.
XS
SM
MD
LG