Accessibility links

Қырғызстанда полицияның күш қолдануынан кем дегенде 4 адам құрбан болып, 28-і Ош ауруханасына түсті.


БІШКЕК: Қырғызстан ішкі істер министрлігінің арнайы спецназ бөлімінің бүгін таңертең Ош пен Жалалабад қалаларындағы әкімшілік кеңселерін оппозиция өкілдерінен күштеп босатуынан кейін де елдің оңтүстігіндегі ахуал әлі күрделі қалпында. Қанша адамның қамалғаны белгісіз. Тәуелсіз "Res-Publica" газетінің хабарлауынша, кем дегенде 4 адам қаза болып, 28-ге жуық кісі Ош ауруханасына түскен. Әзірше оны растайтын өзге хабар жоқ. Бүгін таңертең Жалалабад қаласының орталығында 30 мыңдай адам наразылық шеруіне жиналып, біздің жергілікті тілшіміз Ырысбай Әбдірайымовтың хабарлағанындай, облыс әкімшілігін қоршап тұрған полиция аспанға оқ атып халықты қуып-таратпақ болған әрекетіне қарамастан, олар облыс әкімішілігіне ұмтылуда. Наразылыққа шыққан оппозиция өкілдері президент А.Ақаевтың биліктен кетуін және парламент сайлауының нәтижесін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG