Accessibility links

Күншығыс елінің Кюсю аралындағы жер сілкісінінен 1 кісі қаза болып, 400-дейі жарақат алды.


ТОКИО: Жапонияның оңтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 1 адам қаза болып, 400-дей кісі жараланды. Кюсю аралының жағалауындағы жерасты қозғалысының қуаты Рихтер өлшемімен 7 балға жеткен. Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, бірнеше ғимарат пен жолдар бұзылған, газ және су құбырлары істен шыққан, электр желілеріне нұқсан келген. Теміржол қатынасы тоқтатылған. Жергілікті халық қуатты теңіз толқындары – цунамидің қатер төндіріп тұрғаны жайынан ескертілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG