Accessibility links

Қырғыз шерушілері мен полиция арасында қақтығыстар орын алуда.


Қырғызстанның Жалалабад және Ош қалаларында мыңдаған шерушілер әкімшілік және полиция ғимараттарын басып алысты. Қақтығыстар барысында полиция күштері әуеге оқталмаған мылтық атқандарын айтуда. Алайда, оппозиция тарапы: “Мылтықтар оқталған болатын”,-деп отыр. Екі күннен кейін шерушілерден ресми ғимараттарды полиция жасақтары қайта тартып алған еді. Мұндай баскөтерулер өзге де аймақтарда және Бішкекте байқалуда. Қалыптасқан жағдайды бейбіт түрде шешуге көмектесу мақсатында жексенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымы өкілдері ара-ағайындық жүргізуге тырысты. Ол ұйымның Бішкектегі елшісі қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіруде. Өкімет басшысы Николай Танаев келісім жолдарын қарастыруға уәде берді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG