Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш әйелдің өмірін ұзарту туралы заңға шұғыл қол қойды.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Конгрестің өкілдер палатасының жексенбі күні кешкісін қабылдаған заңды шұғыл бекітті. Бұл жаңа заңға сәйкес, 15 жыл бойы ес-түссіз жатқан Флорида штатының тұрғыны – Терри Шиаво деген әйелдің өмірін тыныс алу жүйесіне қосу арқылы ұзарту мәселесін енді Федералдық сот қарап шеше алады. Флорида штаты сотының өкімі бойынша, өткен жұма күні 41 жастағы әйелді өмірмен қамтамасыз ету жүйесінен үзген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG