Accessibility links

МАГАТЭ: “Иран өзінің қауіпсіздігіне АҚШ-тың да кепілдік беруін талап етеді”.


ПАРИЖ: Бүгін атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад Әл-Баради Парижде Иранға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселелері жалғыз еуропалықтардың ісі емес, Иран өзінің қауіпсіздігіне байланысты АҚШ-тың да кепілдік беруін талап етеді деп мәлімдеді. Егер Иран өзінің уранды байыту бағдарламасынан бас тартқан күнде, Франция, Германия және Ұлы Британия оған саяси және экономикалық жеңілдік беруге дайын. Уранды байыту бағдарламасын Иран ядролық қару шығару үшін де қолдана алады. Соған байланысты Вашингтон Теһранды астыртын түрде ядролық қару жасау үстінде деп айыптап келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG