Accessibility links

А.Ақаев (Қырғызстан): “Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауындағы заңсыздықтарды тексеруге тиіс”.


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан президенті А.Ақаев өзінің баспасөз-қызметі арқылы Орталық сайлау комиссиясы заңсыздықтар болған жайттарды тексеруге тиіс деген пікірін жеткізді. Президент, сондай-ақ, сайлау халықтың наразылығын туғызған аудандарға әсіресе назар аудару қажеттігін атап көрсеткен көрінеді. Қырғызстандағы қоғамдық наразылық сайлаудың 27 ақпандағы бірінші турынан кейін басталып, 13 наурыздағы екінші турының ізінше тіпті өршіп кетті. Қырғыз оппозициясы мен Еуродақ және АҚШ сайлауда жаппай бұрмалауға жол берілгенін атап көрсетсе, ресми билік оны теріске шыңғарып келді. Бүгін қырғыз оппозициясы елдің оңтүстігі мен солтүстігіндегі Ош, Жалалабад, Талас, Қошқар сынды көптеген қаланы өз бақылауына алды.
XS
SM
MD
LG