Accessibility links

БҰҰ реформаларының мақұлдануына Аннан мырза шақыруда.


БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан биылғы жылы реформалардың мақұлдануына Бас Ассамблеяны шақырып отыр. Атап айтқанда Қауіпсіздік кеңесі мүшелері санын 24-ке жеткізу, сол арқылы оның өкілеттігін арттыру көзделуде. Германия, Бразилия, Үндістан және Жапон елдері бұл ұсынысты қолдап, біріккен мәлімдеме таратты. Аннан мырза сонымен бірге ұйым жанындағы Адам хұқықтары бойынша комиссияның орынын кеңеспен алмастыруды ұсынып отыр. Осы арқылы Адам хұқықтарының кең тұрғыда қорғалуына қол жеткізуге болатын сыңайлы. Дей тұрғанмен, мұндай реформалар жөніндегі ұсыныстарға АҚШ, Ресей сияқты сенімсіздікпен қараушы елдер де бар. Бас хатшы сонымен бірге күресуші елдерге көрсетілетін көмектерді басқаруда бұл ұйымның шапшаң әрекет етуі тиіс екендігін айтты.
XS
SM
MD
LG