Accessibility links

Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко Ирақтан өз әскерін әкету жөніндегі жарлыққа қол қойды.


КИЕВ. Украина өзінің Ирақтағы әскери жасағын өткен аптадан бері шығара бастаған және жылдың соңына дейін 1,650 әскерін елге қайтаруды жоспарлап отыр. Өткен аптада украиндық 130 әскер үйіне оралған болатын. Қорғаныс министрі Украина өзінің 550 әскерін мамырдың 15-не дейін шығаруды жоспарлап отырғанын айтқан. Осыған дейін, Ирақта бітімгершілік мақсатта жүрген Украинаның 18 әскері қаза болып, 20-дан астамы жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG