Accessibility links

Бүгін Қырғыз президенті Асқар Ақаев елде өткен парламенттік сайлаулар заңды деді.


БІШКЕК. Бұл туралы Ақаев Бішкекте Қырғызстанның жаңа парламентінің бірінші сессиясында айтты. Сонымен қатар, Ақаев елдің оңтүстігінде орын алып жатқан алаңдаушылықтар жақын арада күш қолданбастан бақылауға алынады деді.

Сондай-ақ, мыңдаған шерушілер қазіргі кезде Жалалабад, Ош, Талас қалаларындағы әкімшілік ғимараттарды өз бақылауларында ұстап отыр.

Бүгін оппозициялық Халық қозғалысы қырғыз үкіметі белсенді құқық қорғаушыны, яғни Қырғызстанның Құқық қорғау және сөз бостандығы институтының директоры Топчубек Турғуналиевті қамауға алды деп хабарлады. Оның не үшін ұсталғаны әлі белгісіз. Бұл тұтқындау наразылық танытушылар мен үкіметтің қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан кейін болып отыр. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы билік пен оппозиция келіссөзге келу керек деп айтқан.
XS
SM
MD
LG