Accessibility links

Араб елдері лигасы бейбіт бастаманы қайта көтерді


Араб елдерінің жетекшілері кеше Израил 1967 жылы басып алған жерлерді босататын болса, қалыпты қарым-қатынастар орнату жөніндегі Таяу шығыс бейбіт бастамаларын қайта қарау турасында келісті.

Алжирдегі жоғары дәрежелі бас қосуда Араб басшылары 2002 жылдан бері Израил бірнеше мәрте кері қағып келген бұл ұсыныс екі күндік кездесудің бүгін болатын қорытынды мәжілісінің күн тәртібіне шығарылады деді.

Иордания сыртқы істер министрі Хани әл-Мүлки қорытынды хабарлама Араб елдерінің бейбіт бастамасымен бірге мақұлданды деген. Сирия сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид әл-Моалим арабтардың бейбіт бастамасына қодлау көрсеткен.

Кеше ертеңгісін Араб елдері лигасының бас хатшысы Әмір Мұса Араб елдері байланыстарды жақсартуды Израилдың басып алған жерлерден кетуінен басқа ешнәрсеге айырбастамайды деп айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG