Accessibility links

Вашингон Қырғыз билігін де, оппозицияны да келісімдерге келуге шақырды.


АҚШ Қырғызстан үкіметін де, парламенттік сайлаудың қорытындысына наразылықтарын жалғастырып жатқан оппозицияны да қақтығыстар емес, сөйлесіп түсінісуге шақырды. Ақ үйдің өкілі Адам Ерели кешегі баспасөз мәслихатында былай деп атап көрсетті:

- Біз қақтығысты сөз жоқ айыптаймыз. Менің ойымша, біздің Қырғызстандағы елшіміз бен Вашингтондағы жоғары ресмилер Қырғыз үкіметі мен оппозиция тарабын тезірек кездесіп, парламент сайлауы турасындағы келіспеушіліктер мен демократияны дамыту, Қырғыз Констиутциясындағы айырмашылықтар жөнінде талқылаулар өткізіп, бір шешімге келуге шақырып, қыспаққа алып жатыр.

Дегенмен де Ерели өзінің бұл айтқандары қырғыз халқын демократия тұрғысындағы талаптардан бас тартып, сайлаудың қалай өткені турасында өз пікірлерін білдірмесін деген ойды аңғартпайды деген.

Ерели қырғыз президенті Асқар Ақаевтың Жоғарғы сот пен Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін анықтауда жалғандыққа жол берілді деген айыптауларды тексеруді бастайды деп уәде еткенін жақсылыққа балаған.
XS
SM
MD
LG