Accessibility links

Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс.

Сейсенбі күнгі бүкіләлемдік су күнінде міне осы аса маңызды мәселе жөнінде үлкен де, келелі сөз, пікір, ұсыныстар айтылды. Сусыз тіршілік өмір жоқ. Адамның десаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты.

Бірақ күншуағы қандай еркін тараса судың да еркін қолдануы, ысырапшылықпен қолдануы кесірінен экологиялық апаттардың кездесуі аз емес. Оған әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Арал теңізінің суалғандығы айқын дәлел.

Осыдан жарты ғасыр бұрын толып тасып шалқып жатқан Арал маңайында адамдар ол теңіз байлығынан көл көсір пайдаланып, теңізде балықтың ондаған түрі өсіп өніп млндаған адамға өмір азығы болған. Ал енді Арал кемінде үштен екі бөлік суын жоғалтып, тузды су кесірінен ол аймақта балық атаулы қалмады десе болады.

Ал айналадағы улы тұзды сор шөл пайда болып ол жерден көтерілген тұзды шаң он мыңдаған шақырым айналаны экологиялық апат аймағына айналдырды. БҰҰның атсалысуымен өтіп жатқан Әлемдік су күні міне осы мәселеге жіті назар аударуда.

Лондондағы Сумен көмектесу қайрымдылық қорынан Редхаустың айтуынша, су мәселесіне байланысты бала денсаулығы да нашарлай түскен. Осы күн негізінде, Өмір үшін су қажет деген халықаралық декадалық шарасы басталды.

- Бүкіл әлемде әр 15 секунд сайын бір бала қайтыс болар екен. Бұл бір тәулікте 6 мыңбала ол дүниелік болады деген сөз, - дейді Дейвид Редхаус.

Дүниежүзі денсаулық ұйымының ресми дерегіне қарағанда 2 млд 600 мыңдай адам антисанитариялық жағдайда өмір сүрсе 1 млд 1 млндай адам лас судан пайдаланады.

- Африка құрылығынан Танзанияда 12 жасар Ерика Макали су әкелу үшін таңғы сағат 4-те тұрып жолға шығар екен. 2-3 сағатта тапқаны лас су болады. Сол су кесірінен ауырып ол мектепке де бармайтын күндері аз мес екен, - дейді қор өкілі Редхаус.

Өмірлік қажеттілік судың тапшылығы әсіресе соңғы ширек ғасырда Орталық Азиядағы 5 тәуелсіз елде қатты байқалады. Дегенмен ,Орта Азия аймағында кейде жаңбыр шелектеп құйып, бір шама уақытқа айналаны суға көміп ақ тастайды. Бірақ сол суды сақтап қалу мүмкіндігі аз, - дейді Стокгольмдегі Су орталығынан өкіл Бленкер.

Оның пікірінше, бұрыңғы Советтік одақтас 5 ел енді суды үнемдеп қолдану жолында бір шама шараларды іске асырған көрінеді.

Ал Таяу Шығыста, атап айтсақ Израильде тушшы сулы жалғыз ақ Галилей теңізі бар екен. Ол теңізге су Сирия-Ливан шегарасындағы 2 өзеннен келер екен . Өз аумағынан шығатын суды Хасбани суын өзінше бұрып алмақ болған кезде Израиль 2002-жылы әскери шабуылмен қорқытпақ болған. .

Сондай-ақ, су дауы Түркия, Сирия және Ирақ арасында да баршылық. Ол 3 ел Түркиядан бастау алатын суға кіріптар. Егер Халықаралық қауымдастық бұл мәселені өзара келісіп дер кезінде шешіп алмаса, онда табиған апатынан ел зардап шеге беретін болады. Оған осы ай басында Оңтүстік Қазақстанда, Қызылорда, Сыр, Арал маңағында болған су тасқыны куә.

Ол айтарлықтай апатқа Өзбекстан мен Қырғызстандағы өзбілерлендік, көрші елге орай жауапсыздық әрекеттері тікелей себепші болды. Міне енді. Шардараға қоса, тағыда бір жасанды теңіз, Көксарай су қоймасын салу күн тәртібінің төріне шығып отыр.
XS
SM
MD
LG