Accessibility links

Еуропа Одағы Қытайға қару сату шектеуін талқылап жатыр


Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Солана Қытайға қару сату шектеуін "әділетсіз" деп сипаттады. Брюссель қаласында Еуропа Одағының саммитінде сөйлеген сөзінде Хавиер Солана Қытайдағы адам құқықтарының жағдайына әлі де болса алаңдап отырмыз, бірақ Қытай үкіметі бұл салада алға жылжып отыр деді. Қытайға қару сату жөніндегі тиым 1989 жылы, Қытайда демократиялық демонстрация аяусыз басылған соң еңгізілген болатын. Еуропа Одағы бұл шектеуді маусым айының соңына таман алып тастамақ. Бірақ Қытай Тайвань тәуелсіздігі жайындағы кез-келген бастаманы басуға бағытталған заң қабылдады өткен аптада. Кейбір елдер бұған алаңдаушылық танытып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG