Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөз өтіп жатыр


Франция, Британия, Германия және Иран өкілдері бүгін Парижде Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөз өткізіп жатыр. Мақсат – Иран ядролық қару өндіріп жатқан жоқ дегенге көз жеткізу. Иран Атом энергетика ұйымының вице-президенті Мохамед Саеди кешегі сөзінде қызметіміз тек электрэнергиясын өндіруге бағытталған, халықаралық қауымдастыққа қызметімізді тоқтатқызбаймыз деді. Франция, Британия және Германия Иран уран байыту қызметін тоқтасын, әйтпесе Иранға экономикалық шектеу орнату жайындағы АҚШ-тың жоспарына қосыламыз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG