Accessibility links

Бішкекте 100 шақты наразылық танытушы қамауға алынды


Қырғызстан астанасы Бишкекте полиция бүгін оппозициялық демонстрацияны күшпен тарқатты. Демонстрацияға 200 шақты азамат қатысқан болатын. "Азаттық" радиосының тілшісі хабарлағандай, қамауға 100 шақты адам алынды. Олардың арасында оппозициялық журналистер, студенттер, жазушылар және қоғамдық ұйымдардың басшылары бар.

Ал оппозиция бақылауындағы бас қала Ошқа бүгін үкімет делегациясы келді. Делегация құрамында бас министр Николай Танаев болады делінген еді, алайда ол келмеді. Үкімет өкілдері Ошта наразылық ұйымдастырушыларымен және оппозиция басшыларымен келіссөз жүргізбек. Мұның алдында президент Ақаев ішкі істер министрі және бас прокурор оңтүстіктегі жағдайда міндеттерін дұрыс орындамады деп, оларды қызметтерінен алып тастады. Парламенттік сайлау әділ өтпеді деген наразылық танытушылар Ошта, Жалалабадта және бірнеше ауданда әкімшіліктерді ұстап отыр.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG