Accessibility links

АҚШ Қырғызстандағы күш қолдануды айыптайды, бірақ сөз бостандығын қолдайды


АҚШ үкіметі бұған дейін Қырғызстанда өткен парламенттік сайлауларға байланысты орын алып жатқан наразылық шерулерге орай өз пікірін білдірмеген болатын. Жексенбі күні АҚШ мелекеттік департаменті Қырғызстан елін бұл мәселені диалог арқылы шешуге шақырды. Бірақ сейсенбі күні журналисттер департамент өкілін қалыптасқан жағдайға байланысты нақты мәлімдеме жасауын сұрады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели Қырғыз үкіметі мен сайлауларға байланысты наразылық көрсетушілерді зұлымдық жасамауға шақырып отыр.

- Біз расында қатыгездікті айыптаймыз. Менің ойымша, біздің Қырғызстандағы елшіміз бен Уашингтонның ресми өкілдері Қырғыз үкіметі мен оппозиция жетекшілері мүмкіндігінше тезірек кездесіп парламент сайлауларына және демократияның дамуына байланысты Қырғызстанның конституциясы шеңберінде барлық келіспеушіліктерді шешу керек, – деген Адам Ерели.

Бірақ, бұл Қырғызстан халқының сайлау қалай өткеніне байланысты өз наразылықтарын көрсетуден бас тарту дегенді білдірмейді, деді Ерели мырза.

- Бұл жерде мәселе биліктің ғимараттарын басып алып немесе оларды қиратып, қақтығыстар жасау арқылы емес, өз пікіріңді шиеленіс тудырмастан білдіртсе болады. Қырғызстанда осылай болуы қажет, - деді Адам Ерели.

Адам Ерелидің айтуынша, АҚШ үкіметі Қырғыз президенті Асқар Ақаевтың дүйсенбі күнгі елдің жоғарғы соты мен Орталық сайлау коммисиясының сайлау қорытындыларын қайта тексеріп, зерттеуге тапсырма бергенін оң қабылдады. Дегенмен, сейсенбіде жаңа парламент өзінің алғашқы отырысын өткізді.

Ал, дүйсенбі күні шерушілер Қырғызстаннның оңтүстігіндегі Ош, Жалалабад және Талас қалаларындағы әкімшілік ғимараттарды күштеп, өз бақылауларына алған болатын. Бірақ, сейсенбіде оппозиция өкілдері жергілікті билік қызметкерлерінің өз жұмыстарына оралуына мүмкіндік берді.

Сейсенбі күні Қырғызстан астанасы Бішкекте де халық көтеріледі деген алаңдаушылықтар күтілген болатын, бірақ ел астанасында жағдай тыныш болды. Қырғыз президенті Ақаев елдегі көтерілістерге қарамастан, елде төтенше жағдай жарияламайтынын айтты. Сонымен қатар, Ақаев оппозицияны күш қолданып, елде тұрақсыздық туғызды деп айыптады.

Бақылаушылар Қырғызстандағы көтерілісті Украинадағы сайлаудан кейінгі көтерілісте оппозиция жетекшісі Виктор Ющенконың жеңіске жеткенімен салыстырып отыр.

АҚШ сол кезде Украинаға моральдық қолдау көрсеткен еді. Халықаралық және стратегиялық зерттеулер орталығының бұрынғы Совет елдері бойынша маманы, Жоржет Пуршо, Уашингтон енді Қырғызстан еліне де сондай қолдау танытуы керек дейді. Пуршо ханымның айтуынша, АҚШ Қырғызстандағы шерушілерге қолдау танытуда абай болуы тиіс. Қазірше Уашингтон Қырғыз белсенділерін сөзбен қолдауы жөн болады, дейді Пуршо ханым.

- Бұл кезеңде АҚШ барлық елдердегі, атап айтқанда, Қырғызстандағы демократия мен сөз бостандығын дамытуға тырысқан әрекеттеріне қолдау көрсететіні туралы нақты мәлімдеме жасаса болады. Егер сіз тек адам құқықтары мен демократияны қолдап жалпылама мәлімдеме жасасаңыз бұл бір басқа да, ал Қырғызстан сияқты елдерді нақты көрсеткеніңіз бір басқа, - деді Пуршо ханым.

Сөз соңында, Пуршо ханым егер Қырғызстандағы оқиғалар дамып, Асқар Ақаев демократия белсенділерінң өкілдерімен кездесуге келіссе, онда АҚШ бұл процесске көмек беруі тиіс дегенді айтады. Мәселен, Пуршоның пікірінше, АҚШ сайлау мониторларын Қырғызстанға ұсынса болады. Бірақ, Пуршо АҚШ Қырғызстанның ішкі істеріне азырақ араласқаны жөн дейді.
XS
SM
MD
LG