Accessibility links

Германиялық сценограф қазақстандық жастарды шеберліктің қыр-сырына үйретті


Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында сценаграфия мамандығы бойынша шеберлік дәрістері өтті. Болашақ сценографтар Германияның «Рурдағы театрдың» көркемдік жетекшісі, сценограф Гральф Этстарт Хаббеннен тәлім алды.

Әнуарбек Бүркітбаев болашақ сценограф. Ол бүгінде Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының сценаграфия кафедрасының магестратурасында білім алумен қатар театрда да жұмыс жасайды. Әнурабектің пікірінше, кез-келген қойылымды көрерменнің жүрегіне жеткізу үшін ең алдымен жақсы режиссер, содан кейін кәсіби сценограф қажет. Ал бүгінгі таңда ол, өкінішке орай қазақ сахналарында сценаграфияға ең соғы кезекте мән беріледі деуде.

- Бізде эксперимент аз қойылады. Әдетте дәстүрлі, классикалық қойылымдар көп қойылады. Оның бәрі керек әрине. Дегенмен, бұл қойылымдар тарихи мұражай сияқты. Ал біздің осы таңда ойлау қабілетімізді, болашаққа деген көзқарасымызды білдіретін меніңше осы экспериментелды қойылымдар.

Сценография сахнаның бет әлпеті, оның өтіп жатқан кеш немесе спектакльға үйлесуі. Анурабек Бүркітбаевтің сөзіне қарағанда, көркем сахнасымен мықты режуссурасымен қойылатын қойылым үшін қомақты қаржы қажет.

- Қойылымдар, сапалы қойылымдар қомақты қаржыны қажет етеді.

Ал сценограф Ғали Мырзашевтің сөзіне қарағанда, бүгінде шығармашылықта жүрген адамдар сценаграфиялық тәсілдерді дұрыс қолдана алмайды.

- Тәуелсіздік алғаннан кейін, бізде менмендік пайда болды. Біздің қазақ ұлтымен жұмыс істей қалсаң олар тіпті қазақ үйді, кенепті, алашаны сахнаға «дырылдатып» алып шығуға дайын. Ал сахна деген ол имитацияю бірдеңені ұқсатып бағу.

Қазақстанда өнер адамдарын оның ішінде сценаграфистерді оқытатын бірден – бір білім ордасы Алматы қаласындағы өнер академиясы. Аталмыш жоғарғы оқу орыны өз шәкірттері үшін, жыл сайын шет елден өнер саласында жүрген танымал адамдарды шақыртып дәріс өткізуді дәстүрге айналдырған.

Осы күндері болашақ сценографистер үшін мастер класстар өткізіліп жатыр. Германияның Мульхайм қаласында орналасқан «Руре» өзенінің жағасындағы театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі сценограф Гральф Этсард Хаббен, мұндай сабақтардың екі жаққа да берері көп дегенді айтып отыр.

- Бұл сабақтардан тек студент жастар ғана емес, менің де аларым көп. Бұл екі жақты процесс.

Сонымен қатар, Хаббен мырза, бір нәрсе жаман немесе жақсы деп бөлгеннен гөрі, ерінбей еңбек ету керек деуде.

- Мен өзін оптимистпін. Әр нәрсенің жақсы жағын көруге тырысамын. Бүгінгі мастер классқа келіп отырған жастардың барлығы дерлік өз ойларын ашық айтып, ең бастысы суретті жақсы салады екен дегенді айтты.

Ал дәрістің маңыздылығы турасында аталмыш білім ордасының 1 курс студенті Құрманбекова Камила былай деген еді.

- Оның жұмыс істеуі бізге қарағанда мүлдем басқашалау. Егер біз бірінші визуальді нәрселерден бастасақ. Ол шығарманы бірінші синтездеп, анализдеп барып визуальді нәрсе шығады.

Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында өткізіліп жатқан мастер класс наурыздың 28-іне дейін жалғасатын болады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG