Accessibility links

Қытай АҚШ пен Солтүстік Корея елдерін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты 6-жақты келіссөздерді қайта бастауға конструктивті қадам жасауларына шақырды.


БЕЙЖІҢ. Қытай сыртқы істер министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, Солтүстік Кореяның премьері Пак Пон-Ю-дың Қытайға сапары барысында бұл мәселеде нақты жылжу болған жоқ. Аталған келіссөздер Солтүстік Кореяға экономикалық жеңілдіктер ұсынып, оны ядролық қару жарақтарын дамытпауға көндіруге бағытталған. Бұл келіссөздерді Солтүстік және Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Ресей және Жапония жүргізеді. Қытай – Солтүстік Кореяның маңызды одақтасы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG