Accessibility links

БҰҰ Рафиқ Хариридің өліміне қатысты зерттеуін жариялады.


Тексеру жүргізген топ бұрынғы премьер-министр Рафиқ Хариридің өлімін зерттеу ісінде Ливан үкіметінің елеулі кемшіліктер жібергенін анықтады. БҰҰ-ң бейсенбі күні кешке қарай жарық көрген хабарламасында Харири өліміне айыпты деп ешкім де нақты аталмайды. Бірақ онда Ливан қауіпсіздік күштері мен Сирияның әскери барлауы елде қорғаныс пен қоғамдық тәртіптің әлсіздігі үшін жауапты деп жазылған. БҰҰ-ң хабарламасында Харири өлімінің себептеріне халықаралық тауелсіз зерттеулер жүргізілсін деген ұсыныс жасалған.

Харири өліміне себепкер болған шабуыл Ливаннан Сирия әскерлерінің тезірек шығарылуын талап еткен шерулерге әкелген болатын.
XS
SM
MD
LG