Accessibility links

Қырғызстанның жаңа басшылары тағайындалды


Таратылатын парламент бүгін ертемен оппозиция депутаты Ишенбай Қадырбековты елдің уақытша президенті етіп тағайындап, бұрын бас министр болған Құрманбек Бакиевті үкіметбасылығына бекітті.

Кеше Қырғызстан үкіметбасы Николай Танаев қызметінен кеткен болатын. Бейсенбі күні кешке қарай Вашингтонда баспасөз-мәслихатын өткізген Қырғызстанның АҚШ-ғы елшісі Бақтыбек Абдірассаев президент Ақаев қазір қауіпсіз жерде, ол биліктен өз еркімен кетпейді деп мәлімдеді.

Парламент сондай-ақ кеше ереуілшілер түрмеден босатып алған Феликс Куловты Ұлттық қауіпсіздік директоры етіп тағайындады.

-Біз таң атқанша Бішкекте тәртіпті орнатуға тырысамыз. Мен қолымнан келгеннің бәрін де жасаймын, сіздер түсініңіздер, мен бес жыл түрмеде отырғанда бәрінен де хабарсыз болдым, қандай күштердің қайда екенін білмеймін, - деген Кулов.

Кеше сондай-ақ, Қырғызстан Жоғарғы соты елде толқулар туғызған даулы парламент сайлауының нәтижесі жарамсыз деп табылсын деген шешім шығарды. Бұл шаралардың барлығы да бірнеше апталардан бері жалғасып жатқан шерулер шарықтау шегіне жетіп, бейсенбіде ереуілшілер Бішкектегі үкімет үйін басып алған соң қабылданды. Наразылық танытушылар мемлекеттік теледидар мен радионы да қолдарына алған. Бішкектен тілшілердің хабарлауынша, бүгін түнде Қырғыз астанасында бірқатар ұрлық-қарлық орын алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG