Accessibility links

Қырғызстан парламенті елдегі президенттік сайлауды маусымның 26-на белгіледі


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев алдағы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді.

Бішкекте оппозиция қолдаушыларының күшімен билік өзгергеннен бері екі күн өтті. Асқар Ақаевтың мекен-тұрағы айқын емес. Бірақ, хабарларға қарағанда, Асқар Ақаев отставкаға кетпейтіндігін айтып, оппозицияны Конституцияға қарсы қадамдар арқасында табысқа жетті деп айыптаған. Қырғызстанның “Кабар” агенттігіне осындай мәлімдеме жолдаған Ақаев “мен Қырғызстаннан уақытша кеттім” деген. Ақаев бейсенбі күні оппозиция қолдаушылары үкімет үйін басып алған кезде қашып кеткен болатын. Ал, жұма күні Ресей президенті Владимир Путин “егер Ақаев Ресейде тұрақтаймын десе, есігіміз ашық” деді.

Хабарланғанындай, Қырғызстан астанасы Бішкектегі жағдай қалыпқа түсіп келеді. Өткен түнде айтарлықтай дау-жанжал болған жоқ. Енді қоғамдық тәртіпті қалпына келтірушілер полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Кеше түнде ойрандаушыларға қарсы күрес кезінде бір адам қаза болды деген хабар түскен.
XS
SM
MD
LG