Accessibility links

Бүгін Рим папасы Йоанн Паул ІІ-ші Пасха уағызына қатыспайды


Папа өзінің 26 жылдық осы қызметінде бірінші рет Пасха мейрамын мерекелеуге қатыса алмайтын болды. Пасха рәсімін бұл жолы Папаның мемлекеттік хатшысы Анджело Содано атқарады. Осыдан төрт апта бұрын тамағына жасалған операциядан айығып келе жатқан Папа Ватиканның орталық алаңына мейрамға жиналғандарды құттықтап, батасын беру үшін бір сәт терезеден көрінген еді. Папаның бірнеше тілдегі пасхалық баяндамасын көмекшісі архиепископ Леондардо Сандри оқып береді.

Күнтізбелерінде айырмашылық бар православие христиандары болса биыл Пасханы 1 мамырда тойлайды.
XS
SM
MD
LG