Accessibility links

Ирақ түрмесінен тұтқындар қашпақшы болған


АҚШ әскерилері Ирақтағы ең басты түрмелердің бірінде жер астынан қазылған, жалпы ұзындығы 180 метр болатын туннель таптық деп мәлімдеген. Туннелдің қашан айқын болғаны белгісіз, дегенмен де әскери өкіл Флора Лидің айтуынша, тұтқындардан ешкім қашып үлгермеген. Түрме Ирақтың Ұм-Қаср қаласына жақын жерде орналасқан, онда 6 мыңнан астам тұтқын ұсталып отыр.

Ирақтың қорғаныс министрі Ирақ солдаттары АҚШ әскерлерінің әуеден қолдауымен шиит мұсылмандарының Карбала қаласының сыртында 120 күдікті көтерілісшіні қолға түсіргендерін айтқан.
XS
SM
MD
LG