Accessibility links

Кеше Бейруттың христиандар тұратын аймағында жарылыс болып, бірнеше кісі жарақат алды


Бұл соңғы аптадағы осымен үшінші оқиға. Арабтың Әл-Жазира телеарнасы Ливанның атын атамаған шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып, кешқұрым мезгілдегі жарылыс көлік бомбасынан болды деп хабарлады. Куә болғандардың айтуынша, жарылыс тез тұтанып, жанатын заттар сақталатын фабриканың жанында орын алған. Өткен аптада Ливанда болған екі жарылыста үш адам опат болып, оншақта кісі жараланған еді.

Мұндай жарылыстар ақпанның 14-де бұрынғы бас министр Рафиқ Харириді опат еткен шабуылдан кейін, Ливанда Сирияға қарсы наразылықтар күшейіп, халықаралық қауымдастық Сирияның Ливандағы әскерін алып кетуін талап етіп жатқан саяси шиеленісті кезеңде жиілеп тұр.
XS
SM
MD
LG