Accessibility links

Ливан елбасы Емил Лахоуд бүгін халықты бірлікке шақырды


Осының алдында ғана Бейруттың Дикванах деп аталатын өнеркәсіп шоғырланған, христиандар тұратын ауданында күшті бомбалық жарылыс орын алған-ды. Оның кесірінен кем дегенде бес адам жараланған. Аяқталып отырған аптада бұл үшінші жарылыс болып отыр. Оның алдыңғы екеуі кесірінен үш кісі қаза болып, 10 адам жараланған еді. Бұл елде ақпанның 14-де бұрынғы өкімет басшысы Рафик Харири өлтірілгеннен бергі аралықта саяси жағдай ширығып отыр. Дамаск өзіне жауапкершілікті алудан бас тартуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG