Accessibility links

Хабарларға қарағанда, Қырғыз елбасы Асқар Ақаевтің жақтастары қарсылық шараларын бастады


Ақаевтің туған қаласы Кеминді Бішкекпен жалғастыратын күретамыр жолды шамамен 150-дей адам бөгеп тастаған. Кеминде жиналған 700-дей адам жаңа билікті мойындамайтынын мәлімдеген. Азаттық радиосы тілшілерінің хабарларына қарағанда, әзірге жағдай қалыпты арнада. Кремль өкілдерінің айтуынша, Ресейге келуге рұқсат сұраған Ақаевтың өтініші қабыл алынған сыңайлы. Қырғызстанның аралық мерзімдегі басшысы Құрманбек Бакиев егер Ақаев шетелде жүрген болса оның Қырғызстанға қайтарылуы жөнінде талап етпейтінін айтты:

- Менің тарапымнан да, Парламент тарапынан да мәселе бұлай қойылып отырған жоқ. Ақаев мырза мұнда келемін десе де, қайтамын десе де, еркі бар. Қырғызстан - оның Отаны. Оның мұнда тұруға толық хұқы бар.

Тағы бір оппозициялық тұлға - Феликс Куловтың пікірінше, Ақаев елге қайтуы тиіс және халыққа ресми түрде биліктен кеткендігін жариялауы қажет.
XS
SM
MD
LG