Accessibility links

К.Райс (АҚШ): “Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының бір бөлігін сақтамақ ниетін Вашингтон қолдайды”.


ТЕЛЬ-АВИВ: Кеше Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Қалқилия қаласын Палестинаның бақылауына беруді кідірте тұруға бұйрық берді. Ол әрекетін Мофаз палестиндіктер өз бақылауына алып үлгерген Иерихон мен Тулькарм қалаларындағы экстремистерді қарусыздандыру туралы міндеттемесін орындамады деп түсіндірді. Шауль Мофаз АҚШ-тың ресми өкілдерімен Таяу Шығыстағы ахуалды талдау үшін Вашингтонға сапарға аттанып барады. Кеше АҚШ-тың мемлекеттіак хатшысы К.Райс Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының бір бөлігін сақтамақ ниетін Вашингтон қолдайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG