Accessibility links

Ирақта АҚШ армиясына қарсы шабуыл жасалып, мұнай құбыры жарылды.


БАҒДАД: Кеше Ирақтың Мосул қаласында АҚШ-тың әскери керуенінің жолында автокөлікке отырған жанпидашыл-террорист өзін-өзі жарды. Қанша адамның қаза болғаны жайында әзірше дерек жоқ. Киркук қаласының іргесінде мұнай құбыры жарылып, өрт сөндірушілер қазір отпен арпалысу үстінде. Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған экстремистер тобы Ирақтың ішкі істер министрлігінің ақпан айында хабар-ошарсыз жоғалған жоғары шенді өкілін өлтірді. Оны өлтірген сәттің бейнежазбасы Интернеттегі ислам сайттарының біріне шықты.
XS
SM
MD
LG