Accessibility links

Ливан сыртқы істер министрлігінің өкілі Әл-Хариридің өлімін тергеу мәселесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесімен ақылдасады.


БЕЙРУТ: Ливан астанасының христиандар тұратын аудандарында соңғы аптада болған үшінші қастандықтан кейін президент Эмиль Лахуд кеше елдегі қантөгісті ауыздықтауға сөз беріп, халықты бірлікке шақырды. Соңғы қастандық өткен сенбі күні болып, одан кем дегенде 5 кісі жараланды. Оның алдындағы екі қастандықтан 3 адам құрбан болып, 10-нан аса адам жараланды. Ливандағы саяси ахуал бұрынғы премьер-министр Рафик Әл-Хариридің 14 ақпандағы қастандықтан қаза болуынан кейін өршіп кетті. Ресми Бейруттың кеше хабарлағанындай, сыртқы істер министрлігінің өкілі Әл-Хариридің өлімін тергеу мәселесі бойынша БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесімен ақылдасу үшін бүгін Нью-Йоркке аттанады.
XS
SM
MD
LG