Accessibility links

Македониядағы муниципалдық сайлаудың екінші туырының бейресми нәтижесі бүгін шығарылуы мүмкін


СКОПЬЕ: Кеше Македонияда муниципалдық сайлаудың екінші туры болып өтті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлаудың 13 наурызда болған бірінші турын ұжым болып дауыс беру, бюллетендерді жымқыру, сайлаушыларды қорқыту сынды жаппай заңсыздықтарға жол берілуіне байланысты өткір сынға алған болатын. Ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, жексенбілік сайлау барысында санаулы ғана заңсыздық байқалған. Сайлаудың бастапқы нәтижесі сәрсенбіде жаприяланбақшы, ал бейресми қорытындысы дереу шығуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG