Accessibility links

Македониядағы оппозиция муниципалдық сайлаудың екінші турында да айтарлықтай заңсыздыққа жол берілгенін нұсқап отыр.


СКОПЬЕ: Кеше Македонияда муниципалдық сайлаудың екінші туры болып өтті. Ресми билік дауыс беру барысында болар-болмас заңсыздық болды деп мәлімдесе, саяси оппозиция керісінше айтарлықтай бұрмалаушылыққа жол берілгенін нұсқап отыр. Біздің жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, тіпті ел астанасы – Скопье қаласының өзінде демократиялық сайлаудың нормалары өрескел бұзылған. Кейбір сайлау аймағында бюллетендер ұрланған. Өзге аймақтарда дауыс берілмей тұрып-ақ жәшіктер бюллетендерге толтырылып қойылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG