Accessibility links

«Күн мен Ай» халықаралық мәдени-тарихи журналы жарыққа шықты

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақ және түрік тілінде шыққан «Күн мен Ай» халықаралық мәдени-тарихи танымдық журналы екі ел арасындағы мәдеи-рухани байланыстың алтын көпіріне айналмақ.

Жаңа журналды шығарушы «Қазақ-түркі халықтары мәдениеті Астаналық қорының» өкілдері осындай бағытты ұстанып отыр дейді журналдың редакторы Айнаш Қабылашқызы.

Қазақ және түрік тіліндегі түрлі түсті бояуы қанық журналдың алғашқы саны ұлыстың ұлы күні - наурыз мейрамының қарсаңында оқырман қолына тиді. Мұндай журналдың жарық көруіне зиялы қауым өкілдері оң пікір білдіруде. Алайда, қазақ тілінде оқитын аудитория тар, бір қиындығы осы да деген де пікір бар.

«Күн мен Ай» халықаралық мәдени-тарихи танымдық журналының редакторы Айнаш Қабылашқызы Моңғолиядан атажұрты Қазақстанға оралғанда түбі бір түркі халықтары үшін осындай тағылымдың журналды шығару арманы болыпты. Сондықтанда түркі халықтарының достығы арта берсін деген ниетпен осындай іске мұрындық болып отырмыз дейді.

Журналды «Күн мен Ай» атағанды жөн көрдік. Бірі күн, бір ай іспетті болып, халықымыздың ағартушысы болсын дедік. Әр елдің өз байрағынан артық қасиетті белгісі жоқ. Елді әлемге паш ететін де осы байрақ. Журналдың «Күн мен Ай» деп аталуына екі ел байрақтарындағы белгілер себеп болды. Қазақстан байрағында күн, ал Түрік байрағында ай бейнесі бар. Мен осыны байланыстырдым дейді редактор.

Журналдың алғашқы санында қазақ тілінде екі ел мәдениеті жайында, тарихи тұлғалар және салт-дәстүрге қатысты танымдық мақалалар жарық көрген. «Қазақ-түркі халықтары мәдениеті Астаналық қорының» директоры Ахмет Қарааслан мырза түрік-қазақ тілінің тегі бір, ортақ тілден шыққан бай тіл деген ойын білдірді.

Қазақстан Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің тіл комитеті төрағасының орынбасары филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы аталған басылым екі ел арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге үлес қосады деген пікірде.

Филология ғылымдарының кандидаты Дүкен Мәсімханұлы осындай басылымдар арқылы діттеген мақсаттарға жетуге болар еді. Алайда, бұл басылымдар алдынан шығатын қиындықтар бар. Ол қазақ тілінде оқитын аудиторияның тарлығы дейді.
XS
SM
MD
LG