Accessibility links

Ирақтың уақытша президент Г.Әл-Яуар Ұлттық жиналыстың төрағасы лауазымынан бас тартты.


БАҒДАД: 16 наурыздағы салтанатты ашылуынан кейін Ирақтың 275 депутаттан тұратын Ұлттық жиналысы бүгін Бағдадта бірінші сессиясына жиналып, өзінің спикері мен оның екі өкілін сайламақшы. Бірақ ұлттық парламент жаңа президент немесе премьер-министр туралы ешқандай шешім қабылдамайды. Өйткені парламент сайлауында басым дауыс жинаған шийт партиялары екінші орын алған күрд одағымен келісімге келген жоқ. Дүйсенбі күні уақытша президент Гази Әл-Яуар Ұлттық жиналыстың төрағасы лауазымынан бас тартты. Ол бастаған партияның хабарлауынша, сүннилер екі вице-президент лауазымының біріне үміт арта алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG