Accessibility links

Ауғанстанның бірқатар аймағын су алып кеткен


Бүгін Ауғанстанның оңтүстік-шығысында дамба бұзылып, Ғазни қаласы мен басқа да бірқатар шағын ауылдарды су басып, бес адам суға кеткен.

Ғазни провинциясының губернаторы Асадулла Халид үкімет пен осы қалада тұрған АҚШ жасақтарынан және басқа да ұйымдардан көмек сұрап отырғанын айтқан. Апат аймағындағы елге АҚШ күштері төрт тікұшақ жіберген.

Нөсер жаңбырдың жаууы мен қыста бойы түскен қардың бірден еруі- соңғы аптаның өзінде бүкіл Ауғанстан аумағында 200-дей адамның өмірін алып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG