Accessibility links

Индонезияның төтенше оқиғалар орталығы бүгін түнде болған жер сілкінісінен кемінде 1000 адам опат болды деп хабарлайды


Зілзала орын алған Ниас аралына алғашқы көмек тобы да ұшып кетті. Индонезияның Қызыл крест қоғамының өкілі Мари Мохаммед ол топтың Ниас және оның жанындағы аралға барып қонғанын айтқан.

Зілзала кіндігі Суматра аралының оңтүстік батысында болған. Өткен жылдың аяғындағы цунами зардабынан кейін қалпына келтіріліп жатқан аймақ қазір электр жарығы мен телефон байланысынсыз қалды.

Индонезияның вице-президенті Юсуф Калла бүгінгі зілзала зардабынан қаза тапқандар саны 2 мыңға жетуі мүмкін деген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG