Accessibility links

БҰҰ-ң адам хұқтарын бақылау тобы Солтүстік Корея адам хұқтарының аяққа басылуын тоқтату үшін шұғыл шаралар қолдануы керек деп мәлімдеді.


Солтүстік Кореядағы адам хұқтарын бақылау тобының жариялаған хабарламасында Пхеньян халықаралық адам хұқтары кодексінің талаптарын сақтамай отыр деп айыпталған. Аталған баяндамада Солтүстік Корея бұл тұрғыдағы өзінің заңдарын өзгертіп, өзі қол қойған бір емес төрт бірдей келісімдерді сақтауы тиіс деп атап көрсетілген.

Дегенмен де Солтүстік Кореяның БҰҰ-ғы елшісі Солтүстік Кореяға тағылып отырған бұл айыптауларды жоққа шығаруға тырысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG