Accessibility links

Израиль парламенті еврей қоныстарын шығаруға жол ашты


Израиль парламенті кеше 2005 жылдың мемлекеттік бюджетін бекітіп, бас министр Ариель Шаронның Газа секторынан еврей қоныстарын шығару жоспарына жол ашты. Парламентте келісім таба алмағанында Ариель Шарон парламентті таратып, үш айдың ішінде кезектен тыс сайлау өткізуге мәжбүр болушы еді. Әсіре оңшыл саясаткерлер және Газадағы қоныстанушылар бюджет мәселесі тұйыққа тірелсе, үкімет дағдарысы болады да, қоныстарды Палестина жерінен шығару жоспары іске асырылмай қалады деген үмітте болатын. Қоныстарды шағару жайында бүкілхалықтық референдум жасалсын деген кертартпа ұсыныста кеше өтпей қалды, сөйтіп бас министр Шарон айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG