Accessibility links

Президент Буш Ирақ парламентіне үміт артып отыр


АҚШ президенті Джордж Буш кеше Ақ үйде журналистермен кездесіп, Ирақта байқалып отырған келісім рухын құптаймын деді. Ирақ парламенті ішкі тартыстардан тез арада өтіп, жаңа үкімет жасақтайтын болады, - деді Буш. Ирақ парламенті кеше екінші рет жиналып, төрағасын тағы сайлай алмады. Қаңтар айында сайланған парламентте шиит, суннит және күрд саясаткерлерінің арасында төраға мәселесі дауға айналған соң мәжіліс кейінге қалтырылды. Негізгі министрлер кім болады, Ирақ қоғамында ислам дінінің орны қандай болу керек деген пікірталастар үкімет жасақтауға кедергі боп тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG