Accessibility links

Еуропа Одағы Ақаевтың құлатылғанын құптады


Еуропа Одағы Асқар Ақаевты Қырғызстан президенттігінен тайдыруды демократиялық жеңіс деп сипаттады. Еуропа Одағы бұдан бұрын еш тарапқа қолдау көрсетпей, сабырлыққа және ұлттық келісімге шақырып отырған еді. Одақтың кезекті төрағасы Люксембургтің сыртқы істер министрінің орынбасары Николас Шмит Еуропа Одағы Қырғызстанға енді нақты көмек көрсету керек деп мәлімдеді кеше. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мәлімдегендей, бейсенбі күні Қырғызстанға осы ұйымның төрағасы Дмитрий Рупель келеді. Ол жергілікті басшылармен кездесіп, дағдарыстан шығу жолдарын талқыламақ.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG