Accessibility links

Елден қашқан Ақаев Мәскеуде табылды


Қырғызстанның биліктен кетірілген президенті Асқар Ақаев кеше Ресей мемлекеттік теледидарында төбе көрсетті. Ақаев қызметімнен бас тартуға дайынмын деп алғаш рет мәлімдеді. Ақаев бұған тиісті кепілдеме берілсе, қазіргі заңға сәйкес болса деп тілегін айтты. Ал одан бір сағат бұрын Ресейдің "Эхо Москвы" радиокомпаниясында тікелей толқында сұхбат бергенде Ақаев биліктен кетуіме ешқандай негіз жоқ деп айтқан болатын:

- Мен президенттік қызметімнен әлі кеткен жоқпын, тіпті өзімді халық сайлаған, толыққанды құқығы бар жалғыз ғана президент деп білемін. Қызметімнен кетуге ешқандай себеп жоқ.

Ақаев Мәскеу түбінде қоныстадым деді. Өткен бейсенбіде ереулшілер Ақаевтың бас кеңсесін басып алғалы бері Ақаевтың қайда жоғалып кеткені беймәлім болатын.
XS
SM
MD
LG