Accessibility links

Иран уран байытуды түбінде жалғастырамыз деді


Иран президенті Мұхамед Хатами халықаралық қысымға қарамастан уран байыту жөнінде толыққанды қызметке бет алып отырмыз деп мәлімдеді. Британия, Франция және Германиямен өтіп жатқан келіссөзде «біз ядролық отын өндірісін тек уақытша тоқтатуды ұсындық» деді Иран президенті. Мұхамед Хатами бұл мәлімдемесін Натанз уран байыту құпия зауытына барған соң жасады. Еуропа Одағы Иран уран байыту қызметін тоқтатса деп тілейді, есесіне Иранға ядролық энергия өндірісінің басқа технологиясын берейік дейді, экономикалық және қауіпсіздік қатынастарын арттырайық дейді. Иран болса уран байыту қызметіміз тек бейбіт мақсатты көздейді деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG